Федералдық резервтер жүйесінің бұрынғы басшысы Грекияның еуроаймақтан шығуы шарасыздық екенін мәлімдеді

Гринспеннің айтуынша, Грекияның солшыл үкіметінің қарыздарды төлеу шарттарын қарауға тырысатын басқа жолы жоқ. «Мен Грекияның еуро аймағына қатысуы көмектесетінін көріп отырғаны жоқпын және, әрине, мен басқа еуро елдеріне тиімді болатынын да көріп отырған жоқпын», деп атап көрсетті ол және қазір «бөліну - ең дұрыс стратегия» дегенді айтты.

Сонымен қатар Федералдық резервтер жүйесінің бұрынғы төрағасы Грекияның валюталық одақтан шығуы Еуропаның қаржы нарықтарында тұрақсыздық туындататынын ескертті.

25 қаңтарда өткен сайлауда жеңіске жеткен СИРИЗА грек партиясы дағдарыс ушығып тұрған кезде «несиешілер үштігі» (Еурокомиссия, Еуропалық орталық банк, ХВҚ) елге берген 320 миллиард грек қарызын қайта құрылымдауды немесе есептен шығаруды талап етті.

ЕО және Еуропалық орталық банк Грекия қарызын есептен шығаруға немесе қайта құрылымдауға қатыспайтындықтарын мәлімдеді. Германия Канцлері Ангела Меркель де Грекия берешегін есептен шығару мүмкіндігі жоқ екенін алға тартты. Осыған байланысты талдамашылар Грекия дефолтқа ұшырап, еуроаймақтан шығуы және ұлттық валютаға оралуы мүмкін деген пікір айтады.