Арманның артында мәнділіктің рухани тебіренісі тұрғаны анық және ол адамның мәңгілік мәнділікке қармақ салу еркі ретінде рухани асқақтықтың көрінісі. Арманы өзі үшін бе, өзге біреу үшін бе, әлдебір ұлы іс үшін бе, басқа себеп пе, бұл маңызды емес, оның қайдан туып, қандай мазмұнға ие болғанына қарамастан, арманы жатқан жерде адамның мәнділік бақыты да жатыр және сол жолындағы парасаты мен жанкешті қайсарлығы оның ғұмырын бағалы етеді. Өмірден де маңызды арман өлімге асығу емес, таңғажайып өліммен өлу жасандылығы тіпті де емес. Өмірден де маңызды арман кернеген адам өлімнің ештеңеге қайту екенін, өлім күйінде адамда еш мән-мағына болмайтынын түсінеді, әрі осы себепті осынау бір реткі өмірінің өлімнің мәнсіздігін жеңген өмір болуына құлшынады. Мұндағы әңгіме, бар өмірін тіпті өлім де бұжыта алмас сол бір арман жолында құрбан етер ең қайсар батылдық пен соның ақысы ретіндегі айналасына қалдырар ең дарқан жомарт сыйы жөнінде болып отыр.
---------- "Жеңімпаз Ерік" кітабы
***
Адамды ақылды нәрсе дегенге қарағанда әдетшіл нәрсе десек дұрыс. Іс-әрекет негізінен ойланып-толғанған ақылмен емес, дағдылы әдетпен істеліп жатады, күнделік сөз, ой әдетке түсіп алған қайталаныс күйінде шыр көбелек айналып тасқын судай жөңкіледі. Егер осынау әдеттің өзіне қарсы сұрақ қойылса, өз әдетін өзі бұзып-жарып ой жүгірте алса, міне сол кезде оны ақылды дер едік.
* * *
Ғалымдардың зерттеуінше:
1. Бейнелеп айтқанда, ми жүнге ұқсайды. ойлау сол "жүнді" тәртіпке келтіріп, "арқанға" айналдырады. Есте сақтау екі нәрсеге байланысты: бірі байланыстырып ойлауға, екіншісі үйренгенді, оқығанды қайталауға, қайталапеске алуға, қайталап қолдануға байланысты.
2. Ми өз-өзін қайта құрастыра алады, жетілдіре алады, егер сіз миыңыздың белгілі бөлігін толық пайдалансаңыз, ол бөлік жаңа бос орындар жасап үлгіреді. сондықтан ми әлеуеті шексіз;
3. Мидың қабілетін машықтану арқылы арттыурға болады. мысалы, есте сақтауға жаттығу арқылы есте сақтау қабілеті артады. назар аударуға саналы түрде тырысу арқылы зейінді шоғырландыруға болады. Ойша есептеу арқылы адам сұңғыла болады...
4. Мидың қусырылу ауруы ми істетпеуден, есте сақтауға тырыспаудан, саналы түрде ой жүгіртпеуден болады.
6. Таза ауада тәңертең шыныққан адамның миы өзі сұранған оттегіге көп ие болады.
5. Миын көп істетіп, көп ойланған адамның өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты болады.
6. Миға пайдалы азықтықтардың көшін шоколад бастап тұр. сосын CLARY SAGE деген суретте көрсетілген шөп те өте пайдалы депті. Қазақшасын білмедім. Ғалымдардың зерттеуінше:
1. Бейнелеп айтқанда, ми жүнге ұқсайды. ойлау сол "жүнді" тәртіпке келтіріп, "арқанға" айналдырады. Есте сақтау екі нәрсеге байланысты: бірі байланыстырып ойлауға, екіншісі үйренгенді, оқығанды қайталауға, қайталапеске алуға, қайталап қолдануға байланысты.
2. Ми өз-өзін қайта құрастыра алады, жетілдіре алады, егер сіз миыңыздың белгілі бөлігін толық пайдалансаңыз, ол бөлік жаңа бос орындар жасап үлгіреді. сондықтан ми әлеуеті шексіз;
3. Мидың қабілетін машықтану арқылы арттыурға болады. мысалы, есте сақтауға жаттығу арқылы есте сақтау қабілеті артады. назар аударуға саналы түрде тырысу арқылы зейінді шоғырландыруға болады. Ойша есептеу арқылы адам сұңғыла болады...
4. Мидың қусырылу ауруы ми істетпеуден, есте сақтауға тырыспаудан, саналы түрде ой жүгіртпеуден болады.
6. Таза ауада тәңертең шыныққан адамның миы өзі сұранған оттегіге көп ие болады.
5. Миын көп істетіп, көп ойланған адамның өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты болады.
6. Миға пайдалы азықтықтардың көшін шоколад бастап тұр. сосын CLARY SAGE деген суретте көрсетілген шөп те өте пайдалы депті. Қазақшасын білмедім.
Haidar Alphy
жазбалары