Femen мүшелері Елисей алаңдарында "Ислам мемлекетіне" қарсы акция өткізді

Беліне дейін жалаңаштанған әйелдер қолдарына пластмасса автомат ұстап, Елисей алаңдарында: "Кәпірлер, тұрыңдар, "Ислам мемлекетіне" қарсы күресіңдер", деген ұран тастады.

Акция бірнеше минут ғана болды, сосын олар ол жерден кетіп қалды. "Фигаро" бұл шара ол жерде қыдырып жүрген туристердің елеулі қызығушылығын туғызды, деп айтуда.