Фермерлер көктемгі егістік науқанына бөлінетін мемлекет қаржысының кешеуілдеуіне наразы

«Қазіргі уақытта барлығы да бірінші кезекте көктемгі егістік жұмыстарына бөлінген 14 млрд. теңгені күтуде. Әлі күнге дейін аталған ақша бөлінген жоқ. Өйткені Үкімет тарапынан қаулы кешіктірілді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қаулының кешіктірілуіне оның барлық министрліктердің келісімінен өтуі себеп болып отыр. «Ал өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта оңтүстік диқандары егістік жұмыстарын аяқтауға жақын болса, солтүстікті көктемгі жұмыстарды енді қолға алуда. Ал ақша әлі де түскен жоқ», - деді ол.


Сонымен қатар, оның атап өтуінше, елімізде мемлекеттік қолдау шаралары көп жағдайда ірі компанияларға, холдингтерге, ірі шаруашылықтарға беріледі.

«Қазіргі уақытта көптеген ірі компанияларға мемлекеттің мол қаржысы құйылуда. Алайда, кейіннен оларда 100 сиырдан  біреуі де қалмайды», - деді Ә.Даринов.