Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

Бұл туралы аукцион үйінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шасси нөмірі 0 болатын бұл көлік модельдің ең алғашқы шығарылған данасы. Ferrari сатылымнан түскен барлық қаражатты The Ferrari Foundation арқылы білім беру бастамаларына бағыттайды.

Мәміле аяқталғаннан кейін электромобиль Италияға қайтарылады. Көлікті жаңа иесіне түпкілікті тапсыру 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Жақында Louis Vuitton эксклюзивті екі Porsche 911моделін таныстырған болатын.