Ферротитан құны құлдырай түсуде


"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. АЛМАТЫ. Еуропа нарығында ферротитан құны құлдырай түсуде. Metal Bulletin мәліметінше, 70 проценттік ферротитан бағасы титанға шаға есептегенде 8,9 - 9,3 доллардан (9 шілде) 8,2 - 8,4 долларға дейін төмендеді (16 тамыз). Ал кейбір тұтынушылар бұл ферроқорытпаны бұдан да төмен бағаға сатып алған. Қаңтар айында ферротитанның бір килограммы 14,8 - 15,3 доллар болған. Титан губкасының бағасы бір килогаммына 22,5 доллар деңгейінде қалды.