Шорт-параққа 23 ойыншы кірді. Олардың ең көбі немістің «Бавариясы» мен испандық «Реалдан» - алты-алты футболшыдан. Ұлттық командалар арасында Германияның алты бірдей ойыншысы сыйлықтан үмітті.
Үміткерлердің толық тізімі: Бастиан Швайнштайгер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы - Германия, «Бавария»), Арьен Роббен (Голландия, «Бавария»), Гарет Бэйл (Уэльс, «Реал»), Карим Бензема (Франция, «Реал»), Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Тони Кроос (Германия, «Реал»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Хамес Родригес (Колумбия, «Реал»), Диего Коста (Испания, «Челси»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Челси»), Эден Азар (Бельгия, «Челси»), Анхель ди Мария (Аргентина, «Манчестер Юнайтед»), Златан Ибрагимович (Швеция, ПСЖ), Яя Туре (Кот-д'Ивуар, «Манчестер Сити»), Поль Погба (Франция, «Ювентус»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Неймар (Бразилия, «Барселона»), Хавьер Маскерано (Аргентина, «Барселона»), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»).
Финалға шығатын үш футболшының есімі 1 желтоқсанда хабарланады. Жеңімпаз 2015 жылғы 12 қаңтарда Цюрихте өтетін рәсімде белгілі болады.
Жүлденің қазіргі иегері - «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду. 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында «Барселона» сұрмергені Лионель Месси жеңімпаз атанған.