ФИФА басшысы Йозеф Блаттерді отставкаға кетуге шақыруда


Голландиялық футбол қауымдастығының басшысы Михаэль ван Праагтың мәлімдеуінше, Блаттердің басшылығы кезінде ФИФА айналысында жемқорлық дау-дамайы жиі көтеріле бастады және осы орайда Блаттер қызметінен кетпесе, онда ФИФА абырой-беделін қалпына келтіре алмайды.

Өз кезегінде Англияның футбол қауымдастығының президенті Грег Дайк жақында Блаттердің жасаған мәлімдемесін сынға алды.

Осыған байланысты таяуда ФИФА басшысы Йозеф Блаттер 2022 жылы фуболдан әлем чемпионатының өткізуші ел ретінде Катар сайланғаннан кейін туындап жатқан жемқорлық айыптауларын нәсілшілдік белгілерінің пайда болуымен байланыстырған еді.

«Sunday Times» британдық газетінің мәліметінше, ӘЧ-2022-ні өткізуші ел ретінде Катардың кандидатурасын қолдау үшін футбол шенеуніктері 5 млн. доллар көлемінде пара алған.

Сонымен қатар жақын арада Блаттер 2015 жылғы ФИФА президенті сайлауында өзінің кандидатурасын қайта ұсынуға байланысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде.