Кәсіпқой футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIFPro) жылдың символикалық құрамасын жариялады.
«Арман командасы» тек Испания чемпионатының өкілдерінен құралды. Атап айтқанда бұл құрамаға Қақпашылардан - Икер Касильяс («Реал»), қорғаушылардан - Дани Алвес («Барселона»), Жерар Пике («Барселона»), Серхио Рамос («Реал»), Марсело («Реал»), жартылай қорғаушылардан - Хаби Алонсо («Реал»), Хави («Барселона»), Иньеста («Барселона»), шабуылшылардан - Лионель Месси («Барселона»), Радамель Фалькао («Атлетико»), Криштиану Роналду («Реал») еніп отыр.