ФИФА президент орынтағына төрт үміткерді атады

ФИФА президенті лауазымына оның қазіргі басшысы, швейцариялық Зепп Блаттер, 2001 жылғы үздік футболшы португалдық Луиш Фигу, иордандық ханзада Әли бин әл-Хуссейн және Нидерландының Корольдік футбол одағының басшысы Михаэль ван Прааг үміткер болды.

Блаттер ФИФА президенті қызметін 1998 жылдан бері атқарып келеді.


Сайлау Цюрихте 2015 жылғы 29 мамырда ФИФА конгресінде болады.