ФИФА құрамаларының кезекті рейтингінде футболдан Қазақстан құрамасы 27 орынға көтеріліп, 116-шы орында тұрақтады

"Бұл қазақстандық футболшылардың Сербия құрамасын биыл Алматыда наурыздың 24-і EURO 2008 іріктеу матчында 2: 1 есеппен жеңгенінен кейінгі жағдай",-деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ҚФФ EURO 2008 іріктеу турнирінің алғашқы ондығына енген командалар тізімін жариялады. Тізімде 1) Италия, 2) Аргентина, 3) Бразилия, 4) Франция, 5) Германия, 6) Нидерланды, 7) Португалия, 8) Англия, 9) Испания, 10) Чехия тұр.

Ал қазақстандықтардың тікелей бәсекелестері мынандай орындарды иемденді. 21) Польша, 32) Сербия, 45) Финляндия, 59) Бельгия, 103) Азербайджан, 127) Армения",-деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті