ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 126-шы орында

Ол бойынша Қазақстан құрамасы бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішінен бір сатыға төмендеп, 126-шы орында тұр. Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге «А» тобында сынға түсіп жатқан Германия рейтинг бойынша 3-ші, Түркия 21-ші, Австрия 61-ші, Бельгия 62-ші, Әзірбайжан 102-ші орындарда тұр. Айта кетейік, ФИФА-ның жаңа рейтингі жарияланғанға дейін Қазақстан құрамасы Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі матч өткізіп үлгерді. Біздің команда алдымен қыркүйектің 3-де Астанада Түркияны қабылдап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Содан кейін қыркүйектің 8-де сырт алаңда Австриямен кездесіп, 2:0 есебімен есе жіберді. Енді жерлестеріміз іріктеу турнирі аясындағы үшінші ойынын қазанның 8-де өз алаңында Бельгиямен өткізеді.

Жаңа рейтинг бойынша үздік ондыққа мына командалар кіріп отыр: 1. Испания, 2. Голландия, 3. Германия, 4. Бразилия, 5 Аргентина. 6. Англия, 7. Уругвай, 8. Португалия, 9. Мысыр, 10. Чили.