(FIFA) тәртіптік комитеті жанкүйерлер қылығы үшін жаза қолданды

FIFA баспасөз қызметі кеше мәлімдегендей, екі құрама команда да Мальта мен Румынияға қарсы (2013 жылы 22 наурыз) келесі іріктеу кездесулерді көрермендерсіз өткізетін болды. Сонымен қатар, Венгрия футбол федерациясы 40 мың швейцар франк көлемінде, ал Болгар футбол одағы 35 мың швейцар франкін төлейді.

Мұндай санкцияға трибуналардағы діншілдік пен антисемитизм әрекеттері себеп болды. Болгария жанкүйерлері 12 қазанда Софияда өткен доп додасында Данияның қара нәсілді қорғаушысы Патрик Миллигуды мазақ еткен. Венгр жанкұйердері 15 тамыз Будапеште Израильмен жекпе-жекте антисемитикалық сөздер айтып ұрандатқан.