деп хабарлады Би-би-си.
Би-би-си деректеріне сүйенсек, тергеушілер Цюрихта ФИФА штаб-пәтеріндегі бірқатар компютерлердің қатты дискісін алды. Оның ішінде ұйым президенті Йозеф Блаттердің жұмыс компьютері де бар.
Қазіргі уақытта американдық және швейцариялық тергеушілер ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлық туралы істі қатар тергеуде. 14 адам айыпталуда, оның тоғызы ұйымда жұмыс істеп жатқан қызметкерлер.
Блаттер айыптылар қатарында жоқ, алайда оған қатысты тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, тергеу органдары 2010 және тиісінше 2022 жылдары Ресей мен Катар әлем чемпионатын өткізу құқығын заңды ұтып алды ма, жоқ па, соны тексеруге ниетті.