"Фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп-ақ тұр": Құралай Сейсенбекқызы

Негізгі меңзегені бойдақ қыздар мен отбасылы әйелдер мен ерлер қауымы туралы.

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы автордың парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 

"Сиырды әйел,бұқаны еркекке ұқсатамын. Сенбесеңіз, қараңыз. Қызыл көрсе қамал бұзып, қабырға сүзіп қалауына қаламын түртіп кету бұқа бұқа болғалы бар нәрсе. Әсіресе, мини киген, фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп ақ тұр. Ал біз, әйел біткен соңғы жылдары танауымыз телиіп, кірпігіміз көк тіреп, ерніміз үрленіп, желінімізді жарылардай тырсылдата ісіріп алғанды жөн көріп жүрміз.

Көгі балғын, шөбі майса өз өрісімізде күйісімізді қайырып, бұзауымызбен жайылып жүріп , сылқым һәм аса сұлу бұқасыз сиырларды жақтырмай, тілмен мүйіздеп алатын әдетімізден қай ғасырда да жаңылған емеспіз. Сиыр біткеннің сыры бір болғаны сияқты, бұқалардың да жыры бітпейді. Бұқаға қашаннан бір сиыр аз.Кең болсақ,кем болмаспыз қыздар. Өрісте өңмеңдеп,бұқаларымыз әр сиырдың артынан салпаңдағаны ұят ақ. Өз қораңда исініп,итіңдеп жүре берген артық ау. Бағзы заманда ақ айтып қойған ғой «сиыр сипағанды білмейді» деп. Сондықтан әр жұмада аталарымыз апаларымызды қамшының астына алып, нақты, жесткий, грубый болғаны анық. Сөйтіп, өз қорамызда үнсіз жайылып жүре берейік. Ал бұқалар қайда барсын, көздері қызылға түсті ғой,бірақ әсіре қызыл тез оңатынын ұмытпайық.

Бұзауларымыз көп, жем шөбіміз мол, ыңқыл-сыңқылымыз аз болсын!", деп
жазды
Құралай Сейсенбекқызы.