FILA қауымдастығының идеясы және Қазақстанның ұлтаралық келісім саясаты үндес болып келеді - FILA комитетінің төрағасы Г.Вилейта


«Бүгінде әлем бойынша ұлттық күрестің 200-ден астам түрі бар. FILA ұйымы осы күрес түрлерін бір шаңырақтың астында жинап, әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі мен болмысын барша әлемге танытуды көздейді. Осы орайда Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық келісім туралы айтқан әсерлі сөзі әлі есімде. Оның «Бірлік ол - халықтардың бірін-бірі басқаруы емес, олардың бірін-бірі тануы» деген сөзі маған қатты ұнаған болатын. Міне, осы идея FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығында да бар. Себебі, біздің басты мақсатымыз - ұлттық күрес түрлерін бір ортада ұйыстырып, осы спорт түрінің ұлттық нақыштарын жан-жақты насихаттау», - дейді Г. Вилейта.