Филипп Киркоровтың Алматыдағы концертіне билет 1 470 000 теңге тұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кешке ең арзан билет 52 500 теңгеден басталса, ал ең қымбат билет 1 470 000 теңге тұрады. Бұл баға 8 адамдық үстелге арналса, бір адамға шамамен 210 мың теңгеден келеді.

Бағаға тек орын кіреді, ал тамақ пен сусын үшін бөлек төлеу керек болады.

Концертке билет Ticketon.kz сайтында жарияланған.