Филиппинде қонақ үйден өрт шығып алты адам қаза тапты

Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, өрт сөндірілгеннен кейін отельдегі бөлмелерден төрт еркек пен екі әйелдің мәйіті табылған.

Қаза болған еркектердің үшеуі Американың, біреуі Оңтүстік Корея азаматы болып шықты. Әйелдердің аты-жөні белгісіз.