Соған байланысты ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, алапат дауыл сағатына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалып келеді.
Филиппиннің бірқатар қалаларында нөсер жауын жауып тұр. Манила мектептерінде сабақ тоқтатылды. Алдағы бірер күнде құтқару операцияларына қатыспайтын азаматтардың бәрі демалады.
Дауылға байланысты жиырмадан астам ішкі әуе рейсі тоқтатылды.