Филиппинді тайфун жайпап жатыр


Үш күн бойы аралда барлық мекемелер жабық тұр. Электр желілері де түгі қалмай жұлынып түскен. Долданған жел ағаштарды да түп-тамырымен талқандауда. Күші сағатына 200 шақырыммен соғып жан-жағын жайпап жатыр. Ауа-райын болжаушылар тайфун әлі де күшейеді дейді. Жылпы былтырғы дауылды маусым кезінде Филиппин аралдарында 6 мың адамның өмірін қиылған. Сол кезде ізім-қайым жоғалып кеткендер әлі күнге дейін табылмапты.