Финляндия Астанада өз елшілігін ашпақ ниетте

"Мен Астанада тұрақты өкілдік- елшілік ашу мүмкіндіктерін қарастырудамын. Бұған екі себеп бар. Біріншісі - Қазақстан Орталық Азиядағы стратегиялық маңызы бар мемлекет. Ал екінші себеп - экономикалық себеп", -деді А. Стубб.

Атап айтсақ, А. Стуббтың мәлімдеуінше, "финляндиялық компаниялар ақпараттық технологиялар, энергетика және қызмет көрсету салаларында Қазақстанда қызмет жүргізуден мүдделі".

"Мен Орталық Азия аймағындағы бес мемлекетті аралап шықтым. Астанада елшілік ашудың маңызын сонда түсіндім", -деді Финляндия СІМ.

А. Стубб бұған қоса өз елінің басшылығы атынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа келесі жылы ресми сапармен Финляндияға келуге шақырған шақыруын табыс еткенін хабарлады. "Бұл сапар болады деп сенемін", -деді ол.