Финляндия астанасы Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді

Аталған шараға Қазақстан делегациясын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап барады.

"Мәжіліс аясында ҚР сыртқы істер министрі әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, арнайы баяндама жасайтын болады",-деді Е. Ашықбаев.