Финляндия Қазақстанның сауда мен экономиканы дамыту салаларындағы ынтымақтастық бастамаларына қолдау білдіретіндігін атап өткен Елші: «Халықаралық аренадағы Қазақстанның саяси әрі экономикалық маңыздылығы үнемі арта түсуде. Тұрақтылық Қазақстан үшін маңызды міндет. Финляндия демократияны, заң үстемдігін, азаматтық қоғам мен адам әлеуетін дамытуда Қазақстанды көтермелеп, қолдау білдіреді», - деді.
Сонымен қатар ол Қазақстанды әлемдегі экономикалық өсімі барынша жылдам қарқын көрсетіп отырған елдердің бірі санайтындығын баса айтты.