Финляндия премьері отставкаға кетті

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, президент оның өтінішін қанағаттандырды және жаңа премьер тағайындалғанша жұмысты жалғастыруды сұрады.

Жаңа премьер Еуропалық одақ пен сыртқы сауда істері министрі Александр Стубб (Alexander Stubb) болмақ.

Парламент жаңа үкіметтің бағдарламасын жазғы каникулға шыққанша мақұлдап бермек.


Ю.Катайнен қараша айында жұмысқа кірісетін Еуропалық комиссияның жаңа құрамының өкілі болмақ.