Финляндия Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге бағытталған талпыныстарын қолдайды

"Біз бұл мәселе бойынша Қазақстанды қолдаймыз және республика Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтсе қуанар едік",- деді елші.

Финляндия сыртқы істер министрінің хабарлауынша, Қ.Тоқаевпен болған сұхбат барысында "кейбір аймақтық мәселелер сарапталды". Соның ішінде "Ирак, Иран, Ауғанстан және Қытаймен қарым-ақтынас ахуалы талқыланды". Сонымен бірге екі сыртқы істер министрі "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық мәселесін де қозғаған". "2008-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына Финляндия төрағалық жасайды, ал 2009-жылы ұйымға Қазақстан басшылық жасамақшы. Сол себепті өзара іс-қызметімізді үйлестіру тұрғысында талқылайтын мәселеміз көп",- деді Эркки Туомиойя.
2004-жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы $256,7 млн., соның ішінде экспорт - $131,7 млн., импорт - $124,9 млн. құрады. 2003-жылы тауар айналымы $215,7 млн., 2002-жылы - $117 млн. болған. Қазақстаннан негізінен мыс рафинады мен одан жасалған катодтар, шикі мұнай, стирол, мырыш, антрацит, еріткіштер мен астық экспортталады. Финляндиядан Қазақстанға көлік және байланыс құралдары, электротехникалық жабдықтар, ағаш, лак-бояу материалдары, қағаз, картон, құрылыс конструкциялары әкелінеді. Бүгінде Қазақстан аумағында Финляндиямен бірлескен 13 кәсіпорын мен өкілдіктер тіркелген.