Финляндия тұрғыны экскаватордың шөмішімен хот-дог дайындады (ВИДЕО)

Statoil көлікке жанармай құю стансаларының жарнама науқанының аясында Перамаки экскаватордың шөмішімен хот-дог дайындады.

Юха-Пекки Перамаки хот-дог даярлауға арналған ингредиенттерді бірінен соң бірін қағып алып, оларды тоқаш нанға салып отырды. Бір жарым минуттан кейін хот-дог дайын болды, деп хабарлайды Росбалт.

Видеоның авторлары финдық экскаватор жүргізушісінің жасаған 30 әрекетінің біреуінде ғана қате жіберілгендігін айтады.