Физика, география, химия, тіл: 2026 жылдан бастап қай пәндерге жасанды интеллект құралдары енгізіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Бүгін Қазақстанда білім берудің жаңа стандарты бекітілген. Ол 2026 жылы айналымға енеді. Осы стандартта жасанды интеллект сияқты уақыт талаптары ескерілген. Бұл талаптар әлемде дамудың негізгі факторының бірі болып отырғандықтан оларды ескермеу мүмкін емес. Оның үстіне жасанды интеллект бірқатар мамандықты еңбек нарығынан ығыстырып тастайды деген қауіп те бар, - деді ол Оқу-ағарту министрлігінің алқа мәжілісінің алдында.

Оның сөзінше, кейбір мамандықтан «ардагер-мамандықтарға» айналуы мүмкін. 

-Жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Қалай десек те жасанды интеллект балалар меңгеріп шығуға тиіс құралдың бірі болып отыр. Сондықтан кез келген пән жасанды интеллект базасындағы құралдарды қолдана отырып оқытылады. Мысалы, биология, химия, физика пәндерінде виртуалды зертханалар қолданылады. Ал тіл пәндерінде әңгімелесіп, диалог құруға арналған қосымшалар қолданылады. География пәнінде навигациялық жүйелер енгізіледі. Қазір халық генеративті жасанды интеллект туралы ғана айтып жүр. Ал біз білім беруге онымен қатар генеративті емес жасанды интеллектіні де қолданамыз, - деді Руслан Қаратабанов.