Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді

БАҚ өкілдері Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөліп шығару нарық пен тарифтерге қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін Питер Фостерден сұрап көрді, деп хабарлайды, т Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бұл мәселеге түсініктірек тоқталуға рұқсат етіңіз. Егер Fly Arystan-ды Air Astana-дан дереу бөліп шығаруды қарастыратын болсақ, онда тарифтерді төмендету туралы әңгіме болмайды. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін», - деді Питер Фостер.

Еске салайық, Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады.