Бұл туралы Qazaqstan tv арнасының instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.
Fokker-100 - Нидерландтың Fokker компаниясының орта қашықтыққа арналған ұшағы. Алғаш рет 1986 жылы әуеге көтерілген.
Тиімсіз менеджменттің кесірінен Fokker әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болды. Ал 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды.
Әуе компаниясы бұл маркамен 283 әуе кемесін жасаған. Осы уақытқа дейін 17 Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Тіпті, әуе кемесін 2 рет басып алуға тырысқан.
Bek Air әуе компаниясының меншігінде осы маркадағы он шақты ұшақ бар. Олар осы кезге дейін ел ішінде 14 бағытта қатынап келді.