Forbes Kazakhstan бас редакторы орынбасарының үйі тінтілді

Forbes Kazakhstan бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың үйінде бүгін таңертең кезекті тінту жүргізілді. Ол бұл ақпаратты Sputnik-ке растап, бірақ толығырақ мәлімет беруден бас тартты.

"Ақпарат таратпау туралы қолхат жазып бергенмін, ештеңе айта алмаймын. Бір айтарым, бұл бұрынғы іс бойынша", — деп жауап берді Воротилов телефон арқылы.

Бұл Воротиловтың үйінде жүргізілген екінші тінту, бірінші рет 2 сәуірде болған еді.

Сонымен бірге, сәуірдің басында полиция Forbes Kazakhstan мен Ratel.kz интернет-порталының редакцияларын тінткен болатын.

Ratel.kz кеңсесінен құжаттар мен компьютерлер алынды. Сайттың марқұм тілшісі Геннадий Бендицкийдің пәтері де тінтілді.

Александр Воротилов, Ratel.kz порталының бас редакторы Марат Әсіпов, оның орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталып, кейінірек босатылды. Алайда тергеу жалғасып жатыр.


Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды