Forbes тізіміндегі байдың иелігінде болған 3500 га жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жерді үшінші тұлғаларға беру фактісін болдырмау үшін аталған жерлерді жергілікті тұрғындарға ортақ жайылым ретінде беру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері прокурорлар кадастрлық құны 714 миллион теңге болатын 26,8 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Ол жерлер жоғары лауазымды шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлерге тиесілі еді.

Бұл жерлер жылдар бойы нақты бір мақсатқа пайдаланылмаған, мал азығы дақылы өңделмеген, бұл шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық малы болмаған. Ал осы уақытта басқа диқандар егін мен жайылым жеріне өте мұқтаж болды.