«Формула-1» жарысының кезеңі Әзірбайжанда өткізілмек


Бұл жарыс 2015 жылы немесе 2016 жылы өтеді. «Әзірбайжанда жарыс 2015 жылы өткізілетіні айтылуда. Мүмкін бұл уақыт ертерек болар деп ойлаймын. Алайда, дода кезеңінің 2016 жылы өткізілуінің мүмкіндігі жоғары», - дейді Экклстоун.

Бүгінде «Формула-1» чемпионатының күнтізбесі 19 кезеңнен тұрады, бірақ та алдағы уақытта оның кезеңдерін жылына 22 -ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, осы жарыстың жеке Гран-приін өткізуге үміткерлердің арасында Әзірбайжаннан бөлек, Таиланд, Оңтүстік Африка Республикасы, Грекия, Аргентина және Мексика елдері бар.