Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды

Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияда Қазақстанның Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының коллекцияларынан алынған 35 сирек артефакт ұсынылған. Олар Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін паш етеді.

Ведомство басшысы Аида Балаева әлем тарихындағы Ұлы даланың үш мың жылдық ерекше мәдени феноменін паш ететін көрмедегі бірегей экспонаттардың маңыздылығын атап өтті. Ол француз әріптестеріне көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени қарым-қатынастың маңыздылығына ерекше тоқталды.