Франция билігі халал супермаркет иесіне шарап пен шошқа етін сатуды міндеттеді

Жергілікті ведомстводан Good Price ғимаратты жалға алған. Олардың айтуынша, супермаркет жалға алу шарттарын толығымен орындамаған. Негізінде ол "Әмбебап азық-түлік сататын дүкен" болуы тиіс" деп хабарлайды The Telegraph. Биліктің айтуынша, супермаркетте алкоголь мен шошқа етінің болмауы клиенттерге сапасыз қызмет көрсетудің дәлелі.

"Коломб мэрі Николь Гуэртаның өзі супермаркетке келіп, дүкен иелеріне ассортиментті көбейтіп, алкоголь мен халал емес заттарды қосуды сұраған", - дейді басылым мэр әкімшілігінің басшысы Жером Беснардың сөзіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жергілікті тұрғында, егде жастағы кісілер бір жыл бұрын қарапайым супермаркеттің орнына келген Good Price дүкенінде азық-түліктің ассортименті жоқтығын айтып, шағымданған.

"Біз қауымның араласқанын қалаймыз. Біз тек мұсылмандар тұратын немесе бірде-бір мұсылманы жоқ ауданның болғанын қаламаймыз", - дейді Беснар. Ол тура осындай жағдай кошерлік дүкен болсада осындай талаптар қоятындығын қоса айтты.

Коломбо тұрғын үй ведомствосының ойынша, дүкен франция республикасының проинціптерін бұзып, белгілі бір этникалық қауыиның мүддесі үшін жұмыс жасап жатыр.


Good Store дүкенінің иесі Сүлеймен Ялчиннің айтуынша, дүкен осы ауданда тұратын тұрғындардың талаптарына жауап береді. "Келісімшартта "әмбебап азық-түлік сататын дүкен және сәйкес қызмет" деп жазылған, алайда "сәйкес қызмет" сөзін әркім әрқалай түсінеді", - дейді ол.

Билік өкілдері 2019 жылға дейін жасалған келісімшартты бұзу туралы сотқа шағым түсірген. Сот осы жылдың қазан айында болады.