Франция Евро-2012 доп сайысы кезінде Швециядан жеңілді

Кивете өткен доп сайысының қорытындысы 2:0 есебімен Швецияның пайдасына шешілді. Бұл команда құрамында Златан Ибрагимович (54-ші минутта) пен Себастьян Ларссон (90+1) көзге түсті.

Донецкіде D тобының өзге матчында Англия Украинаны 1:0 есебімен жеңді.
D тобының қорытынды есебі мынадай: 1. Англия - 7 ұпай, 2. Франция - 4, 3. Украина - 3, 4. Швеция - 3.
Осылайша, Англия мен Франция плей-офқа шықты, ал Украина мен Швеция додадан шығып қалды.