Франция президенті дін жетекшілерінің ІІ сьезі диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімде

"Мен екінші сьезд екі тараптың мемлекеттері мен халықтарының назар аударып отырған диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімдемін",-деп мәлімдеді Жак Ширак Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген жолдауында.

"Мәдениеттер қақтығысына төтеп беру, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, біздің түсінігіміздегі бейбітке қол жеткізу - бұл барлық ниеті түзу діни адамдардың жетуі тиіс мақсаты",- деп атап өтті Франция президенті.

Ол Қазақстанның "діндер жетекшілері мен барлық конфессия өкілдері арасындағы диалогқа ерекше мән беріп отырғаны үшін, сондай-ақ діни еркіндік және мемлекеттің зайырлылық принципін ұстанғаны үшін" Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті