Әңгіменің басты тақырыбы - Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас жағдайы мен оларды дамыту перспективалары, францияның ірі және орта бизнесінің Қазақстан экономикасын дамытуға атсалысу ауқымын кеңейту жолдары, мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері болды. Әңгіме барысында бірлескен сауда-экономикалық комиссияның мәжілісін наурыз айының бас кезінде Парижде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Жак Ширак "қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа кейбір Еуропалық мемлекеттердің ел басшыларының атынан" алғыс білдірді.