Өкілдер құрамында Францияның индустрия министрімен бірге парламент, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен банктердің өкілдері енеді. П.Деведжянның хабарлауынша, өкілдер сапарының басты мақсаты- өзара экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және оны нығайту болып табылады. Мәселен, сапар барысында "Қазақстанда әйнек өндіретін зауыт салу және Алматыны сумен қамтамасыз ету жобалары туралы талқыланды".
П.Деведжянның айтуынша, "сапар мақсаты саяси ынтымақтастықты қазіргіден де жоғары деңгейге көтеруге саяды. Өйткені, көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Францияның ұстанымы бір арнада тоғысады". Оның хабарлауынша, сонымен бірге, Қ.Тоқаевпен кездесу барысында "Таяу Шығыстағы ахуал, АҚШ президентінің қайтадан сайлануы" сынды бірқатар халықаралық мәселелер де талқыланды.
9-қараша, сейсенбіде П.Деведжян Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі. Францияның индустрия министрі Қазақстан мемлекет басшысына Жак Ширактың жолдауын жеткізеді.
2004-жылдың 8 айында Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 992,8 млн. долларды құрады, соның ішінде экспорт - 787 млн., импорт - 205,8 млн. долларға жетті. 2003-жылғы тиісті мерзімде тауар айналымы 153,7 млн., соның ішінде экспорт - 34,3 млн., импорт - 119,4 млн. доллар болған.
Қазақстан Францияға мұнай, түрлі кендер, химия өнеркәсібіне арналған шикізаттар мен бидай сатып, дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері, жекелеген жабдық түрлеріне арналған қосалқы бөлшектер мен тұрмыстық техникаларды импорттайды.