Франция Қазақстанға заманауи әскери техника үлгілерімен жабдықтауда көмек көрсетуге дайын

Қорғаныс мекемесінің таратқан баспасөз баянында көрсетілгендей, Э. Бет Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің "аймықтық ұйым аясындағы өзара сыртқы саясат ықпалдастығының белсенді мүшесі болып табылатындығын" атап өтті. "Франция мен Қазақстанарасындағы өзара ықпалдастығының болашағы зор жобаларының қатарында, оның айтуынша, біздің еліміздің Әскери-теңіз күшін техникалар мен құрал-жабдықтардың заманауи үлгілерімен жабдықтауда көмек көрсету мүмкіндігі, қазақстандық мамандарды дайындау және Қазақстанның Іс-әрекеттер және серіктестік жөніндегі жеке жоспары аясындағы бастамаларын қолдау қарастырылуда",- деп айтылған құжатта.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында "Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерін салу саласында алдағы үш жылдағы ынтымақтастықтың келешегі аныталған".

Сонымен қатар, баспасөз қызметінде атап көрсетілгендей, Б. Сембинов Францияның Сыртқы істер министрлігінің өкіліне Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің атынан Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытқаны үшін" медалін табыс еткен. Баспасөз қызметінің нақтылауынша, ол "екіжақты ынтымақтастықты нығайтқаны үшін және бірқатар маңызды шараларды, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күшіне аудит жүргізу, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 19 өкілін Францияның әскери оқу орындарында кәсіптерін шыңдау сияқты шараларды ұйымдастырғаны үшін" осындай марапатқа лайық. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, француздық мамандардың көмегімен үстіміздегі жылдың соңына дейін Әскери радиоэлектроника және байланыс институтында аудит жүргізу жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті