Министрдің айтуынша, бұл мәселе Франция президенті Жак Ширактың 2005-жылға межеленген Қазақстан сапары аясында талқылануы әбден мүмкін. П.Деведжянның айтуынша, "дүниежүзіндегі ахуалға байланысты Қазақстан мен Францияның жеке тәуелсіз көзқарастары бар". Бұл да өз кезегінде Францияны Қазақстанмен жақындасуға итермелеп отырған тағы бір себеп болмақ.
Франция президентінің Қазақстан сапарына дайындық жұмыстары министрдің бұл жолғы келуінің бір мақсаты болмақ.
Өз сапарының тағы бір мақсаты ретінде Францияның индустрия министрі "екі ел арасында экономика және саяси саладағы қатынастарды пәрмендендіруге" деген талпынысты атады. П.Деведжянның айтуынша, мәселен экономика саласында Қазақстан мен Францияның тек мұнайгаз саласында ғана емес, сонымен бірге темір жол транспорты, телекоммуникациялар мен ауылшаруашылығы салаларында да перспективалары мен бірлескен жобалары бар.