«2013 жылдың қорытындылары бойынша Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді. Тауар айналымы 6 млрд. АҚШ долларынан асты. Ал Қазақстанға салынған инвестиция жөнінен Франция 4-орында тұр. 2005 жылдан бері осы елдің біздің мемлекетке салған тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты», - деп атап өтті ол.
Вице-премьердің айтуынша, бүгінде елімізде 150-ге жуық француз компаниялары қызмет етеді.
«Бұл жерде айта кету керек, бұрын мұндай ірі компаниялар тек мұнай-газ саласында әріптестік қарым-қатынаста болса, соңғы 5 жылда Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы бойынша Францияның индустриялық компаниялары елімізде табысты қызмет ете бастады», - деді Ә. Исекешев.
Оның айтуынша, мәселен, «Данон», «Викап», «Пежо», «Альстом» және басқа да көптеген компаниялар өздерінің өндірістерін елімізде ашып, өнімдерін шығаруда.