Франция соты БТА Банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты кепілдік негізінде босатудан тағы да бас тартты. Бұл туралы бейсенбі күні банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
М.Әблязов биылғы жылы 31-шілдеде Украина аумағындағы банкке қатысты жасаған қылмыстары үшін құрықталған болатын. Ұлыбритания соты оны алаяқтық жасады деп таныды. Сот шешімі бойынша бұрынғы банкир банкке 3 млрд доллардан астам қаржы төлеуі тиіс.