Қазақстандық банкир Мұхтар Әблязов француз түрмесінде қыркүйек айына дейін отыратын болды.
Бейсенбі күні Франция соты М.Әблязовты түрмеден босату туралы өтінішті қанағаттандырмай тастады.
BBC корпорациясына берген сұхбатында М.Әблязовтың адвокаты мұны «оның жеке қауіпсіздігі үшін қабылданған шешім» деп атаған.
Оның айтуынша, соттың бұл шешімі Францияның банкир өміріне қауіп төніп тұрғанына сенетінін білдіреді.
М.Әблязов Францияның оңтүстігіндегі Канны қаласы маңында қолға түскен болатын.