Франция туристер саны жағынан қайтадан нөмірі бірінші елге айналды


Өткен жылы бұл елге 83,7 млн турист атбасын тіреген. Бұл туралы Франция СІМ басшысы Лоран Фабиус хабарлады.

Статистикаға сүйенсек, былтыр Францияға барған еуропалық туристер саны 1,7% қысқарыпты. Есесіне, Азия елдерінен барушы туристер саны 16 пайызға артқан. Атап айтқанда, қытайлық туристер саны 61%-ға көбейді. Министрдің пікірінше, бұған виза рәсімдеу тәртібінің жеңілдетілуі түрткі болып отыр. Қазір қытайлықтар туристік физаны 24 сағат ішінде рәсімдей алады.