Францияда Әблязовтің ісі бойынша кезекті сот талқысы 5-желтоқсанға белгіленген

Бұл туралы Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.

М.Әблязов 2013 жылы 31-шілде күні ұсталған, оған Украина аумағындағы банкке қатысты қылмыс жасады, деген айып тағылған. Англияның Жоғарғы соты оны алаяқтық жасағандығы үшін кінәлі деп танып, сол банк пайдасына 3 млрд доллардан астам ақша өтеу туралы шешім шығарды.

Франция соты М.Әблязовтың кепілдікпен босату туралы бірнеше рет берген арызын қабылдамады.


М.Әблязовты Ресей, Украина және Қазақстан экстрадициялауға атсалысып отыр.