Францияда электромобиль қоғамдық көліктері пайдалануға берілді


Электромобилдер мен қуаттандыру стансалары қалаға тең дәрежеде бөлініп, қалалық көлік желісіне қосылды. Жолаушылар өз маршруттарын жоспарлап, мобилдік қосымша арқылы электромобилдерді пайдалана алады.

1 қазаннан бастап, жолаушылар 35 үш доңғалақты Toyota i-ROAD және 35 төрт доңғалақты Toyota Auto Body's COMS - 70 электромобилдердің бірін таңдап, жолға шығуына, содан кейін оны жақын станса нүктесіне қалдырып кетуіне болады. Куәлігі бар 18 жастан асқан кез келген адам көлікті жүргізе алады.

Көліктер бірінші кезекте, қысқа жолға негізделген. Сондықтан, онымен жүру арзанға түседі. Бұдан басқа, жергілікті қоғамдық көліктің жылдық картасы бар адамдарға елеулі жеңілдіктер ұсынылады. Электромобиль қуаты осы жылдың аяғына дейін тегін.
Ал 2015 жылдың қаңтарынан бастап, сағатына 2-5 еуро болмақ. Қоғамдық көлік желісіне жауап беретін renoble-Alpes Metropole өкілдерінің айтуынша, көліктің жаңа түрі атмосфераға тарайтын көмірқышқыл газының мөлшерін азайтпақ.