Францияда комиссар Наварроны сомдаған актер Роже Анен қайтыс болды

Францияда 90 жасқа қараған шағында әйгілі француз актері Роже Анен дүние салды. Бұл туралы бүгін "Фигаро" газетінің сайтында мәлімделген.


Соңғы уақытта ол Париждің Жорж Помпиду атындағы ауруханада ем қабылдаған. Актердің тыныс алуына қатысты қиындықтар болған.
Р.Анен көптеген фильмдерге түскен, бірақ Ресейде өзі сомдаған комиссар Наварро атымен әйгілі.
Франция Президенті Франсуа Олланд Р.Анен француз кинематографиясына лайықты үлес қосқанын атап өтті.