Францияда көрермендердің трибунадан құлауы салдарынан матч болмай қалды

 15-ші минутта қонақтардың қорғаушысы Фоде Балло "Амьен" қақпасына гол соққан болатын. Қонақтардың жанкүйерлері голды тойлаймыз деп, металл тордан жасалған қоршауға жармасып, сындырып жіберген. Салдарынан фанаттар бірінің үстіне бірі құлайды.

Соған байланысты кездесудің бас төрешісі Тома Леонар ойынды 16-шы минутта тоқтатып, кейін мүлдем болдырмай тасады. Қазіргі мәлімет бойынша жиырма тоғыз адам зардап шеккен.