Францияда Монаконың бай отбасының басшысы Элен Пастор дүние салды

делінген «Фигаро» газетінің сайтында жарияланған бүгінгі ақпаратта.

77 жастағы әйел мамыр айының басында белгісіз біреулердің қарулы шабуылынан зардап шекті. Көлікке атылған оқтан жүргізушісі бірнеше күннен кейін көз жұмды, ал Э.Пастор ауыр хәлде жатты.

Полиция шабуылды ұйымдасқан қылмыстық топ жасауы мүмкін деген болжам келтірді.


Сарапшылардың есептеуінше, Монакода жылжымайтын мүліктің айтарлықтай бөлігіне ие Пастор отбасының байлығы 19 млрд еуроны құрайды.