Сапар барысында біздің елдің жас әртістері француз көрермендерін қазақтың дәстүрлі әндері және билерімен тамсандырып қайтты.
Қазақстандық өнер топтары «Әлем мәдениеті-2010» атты 37-ші Гана фестивалі мен Порт-сюр-Саонда өткен 21-ші халықаралық фольклор фестивальге, сондай-ақ француздық көрерменнің ерекше назарына ие болған Аленсона және Сэн-Флорана қалаларындағы фестивальдерге қатысты.
Фестиваль қонақтары Құрманғазының, Дәулеткерей мен Түркештің күйлерін тыңдап, Қазақстанның халық әртісі Бисара Мәкенова Майра Есмұқановамен бірге француздық тыңдармандарға арнап Ақан Серінің, Біржан Салдың, қазақтың ұлттық әндерін орындады, сол арқылы Порт-сюр-Саонда өткен фестивальде бас жүлдені жеңіп алды.